
фото: pixabay.com
World Boxing ұйымы 2025 жылдың ресми жарыс күнтізбесін жариялады, деп хабарлады kaz.inform.kz.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, күнтізбе бойынша 2025 жылғы әлем кубогының екінші кезеңі елімізде ұйымдастырылады. Турнир 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.
Бокстан Әлем кубогы - ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы.
Сондай-ақ, биыл жыл бойы үш кезең өткізіліп, қараша айында финалдық бәсекелер ұйымдастырылады.
Ал, 2025 жылғы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияда өтетіні белгілі болды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через