
фото: https://kaz.inform.kz
7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарына елімізден 139 спортшы қатысады.
Жарысқа Қазақстан құрамасы алты спорт түрінен қатысады. Оның 71 ер адам болса, 68-і әйел. Бірнеше спорт түрінен алдағы ойындарға командалар тізімі анықталды.
Мәнерлеп сырғанаудан 8 спортшы бақ сынайды.
Ерлер арасындағы жекелей сырғанау: Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, қосалқы құрамда — Рахат Бралин.
Әйелдер арасындағы жекелей сырғанау: Софья Самоделкина, Софья Фарафонова, қосалқы құрамда — Анна Левковец.
Конькимен жүгіруден Қазақстан ұлттық құрамасы мүмкіндігінше көп медаль алуды мақсат етіп отыр. Команда толық құрамда жіберілді — 10 ер және 10 әйел.
Қазір олар Канадада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 24-26 қаңтар аралығында Калгариде өтетін әлем чемпионатының үшінші кезеңіне дайындалуда. Осыдан кейін, 27 қаңтарда команда Астанаға қорытынды жаттығуға келіп, 3 ақпанда Харбинге жол тартады.
ҚР конькимен жүгіру спортынан ұлттық құраманың бас бапкері Александр Панфилов команданың құрамы өткен жылдың қазан айында таңдалғанын мәлімдеді.
15-17 қараша аралығында конькимен жүгіруден Хатинохе қаласында (Жапония) өткен төрт құрлық чемпионатында Виталий Щиголев жеңімпаз атанды.
Құрама спортшылары алғашқы жүлдені әйелдер арасындағы командалық жарыста жеңіп алды.
Отандастарымыз бағдарламаның осы түрінен үшінші орынға қол жеткізді. Бірінші орынды Канада, ал екінші орынды Оңтүстік Корея иеленді.
Шаңғы жарысынан біздің елдің командасының ірі жарыстарға дайындығы мамыр айында жасалған алдын ала бекітілген жоспар бойынша жүріп жатыр.
Спортшылар негізгі дайындық кезеңін аяқтап үлгерді: көктемде, жазда және күзде Рука (Финляндия) және Норвегияның Лиллехаммер қалаларында халықаралық жарыстар мен әлем кубогына қатысты.
Қазақстан шаңғышылары Щучинск қаласында өткен Шығыс Еуропа кубогының бірінші күнінде алты медаль жеңіп алды.
Қаңтар айының басында қысқа демалыстан кейін команда Щучьеде оқу-жаттығу жиынын бастады.
Үміткерлер қатарында Надежда Степашкина, Дарья Ряжко, Камила Елгазинова, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Анна Мельник, Святослав Матасов, Виталий Пухкало, Владислав Ковалев, Ернар Нұрсбеков, Федор Карпов, Олжас Климин, Константин Борцов, Наиль Башмаков және Дастан Қалибеков бар.
https://kaz.inform.kz/
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через