Australian Open: Әмір Омарханов үшінші айналымға жолдама алды

Australian Open: Әмір Омарханов үшінші айналымға жолдама алды
фото: pixabay.com

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлады kaz.inform.kz.

Жасөспірімдер арасында әлемнің 4-ракеткасы Ә. Омарханов екінші айналымда аустралиялық Юмерали Ибраимидің мысын басты.

Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:4 есебімен басым түсті. Әмір екінші сетте есеп 5:2 болған мезетте матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндігін мүлт жіберді. Дегенмен ойынды тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:3. 

Бәсеке 1 сағат 35 минутқа созылды.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Омарханов ширек финалға шығу үшін швециялық теннисші, 17 жастағы Виллям Режхтман Винцигаррамен таласады.