фото: pixabay.com
Ақмола облысында дәрігерге балағат сөз айтқан ер адамға жаза тағайындалды, деп хабарлады өңірлік соттың баспасөз қызметі.
Оқиға аудандық аурухананың дәлізінде болған. Ер адам мас күйінде өзге науқастар мен балалардың көзінше айғайлап, дөрекі сөздер айтқан, деп хабарлады informburo.kz.
"Хирург оған ескерту жасаған. Бірақ ер адам дәрігерге бағыттап балағат сөз айтып, айналасындағыларға құрметсіздік көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзған", – деді сотта.
Жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде кінәсін мойындауы және тұрақты жұмысының болмауы ескерілген, ал ауырлататын мән-жай – мас күйде болуы болды.
Материал Informburo.kz сайтынан алынды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через