фото: pixabay.com
Түркияда қонақүйге тіркелу процесіне қойылатын жаңа талаптар ресми түрде 11 желтоқсанда күшіне енді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Түркияның Жеке деректерді қорғау кеңесі (KVKK) әдеттегі тіркелу тәртібін айтарлықтай өзгертетін шешім шығарды: қонақүйлерге енді туристердің төлқұжаттарын суретке түсіруге, сканерлеуге немесе басқаша көшіруге тыйым салынады.
Бұл өзгеріс деректерді қорғау және Түркияның туристік инфрақұрылымына сенімді арттыруға бағытталған.
Жаңа ережелер не үшін енгізілді?
Негізгі себеп – жеке деректерді қорғауды күшейту. Бұрын төлқұжат көшірмелері көбіне тиісті бақылаусыз, кейде жылдар бойы сақталатын. Бұл туристер туралы ақпараттың таралуы және дұрыс пайдаланылмау қаупін тудырды. Жаңа тәртіп төлқұжат көшірмелерін сақтау тәжірибесін ресми түрде заңсыз деп таныды.
Қонақ үйлер енді құжаттарды көшірудің кез келген түрінен бас тартуға міндетті. Қолданыстағы кез келген мұрағат міндетті түрде жойылуы тиіс.

Фото: pixabay.com
Тіркелу енді қалай жұмыс істейді?
Жаңартылған саясатқа сәйкес:
Қонақ үй қызметкерлері түпнұсқа құжат – төлқұжат немесе жеке куәлікті тек визуалды тексереді;
Қажетті ақпарат – аты, тегі, құжат нөмірі, тұру күндері e-Devlet мемлекеттік порталының құрамына кіретін Түркия ІІМ YAZOK жүйесіне тікелей енгізіледі;
Фотосуреттер, сканерленген немесе қағаз көшірмелерін жасауға рұқсат етілмейді.
Осылайша, туристердің деректері бірден мемлекеттік жүйеге түсіп, онда олар белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкес сақталады.
Қонақ үй құжаттың көшірмесін сұраған жағдайда не істеу керек?
Егер қонақ үй қонақтан төлқұжатын «тігу», «сканерлеу» немесе «фотоға түсіруді» ұсынса, олар Principle Decision on Recording Photocopies of ID Cards-тың 2025 жылдың 9 желтоқсанынан бастап күшіне енген ережелеріне сілтеп бас тарта алады. Бұл ұсыныс шетелдік қонақтарға да, жергілікті азаматтарға да қатысты.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через