Спорт

"Реал Мадрид" турнир жеңімпазы болды

Мадридтік "Реал" Чемпиондар лигасының финалында "Ливерпульден" басым түсті. Шешуші матчте ұлыбританиялық команда кешігіп келді, оған қоса көрермен билеттерін тексеру ұзаққа созылды, сол үшін ойын 36 минутқа кеш басталды.

Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалы өтеді

Сенбіден жексенбіге қараған түні футболдан UEFA Чемпиондар лигасының финалы өтеді. Ақтық кезеңде «Ливерпуль» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания) командалары кездеседі. Матч елорда уақытымен 00.40-та басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

13 жасар Заңғар Нұрланұлы Еуропа рейтингінде бес ай бойы көш бастап тұр

Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы 14 жасқа дейінгілер арасында Еуропа рейтингісінде бес ай бойы көш бастап келеді, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. Tennis Europe ұйымы Монте-Карло қаласында биыл күзде өтетін Junior Masters жарысына орай жаңартылған рейтингті жария етті.

Есмигуль Куюлова дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогінің чемпионы атанды

Дзюдодан Қазақстан жастар қыздар құрама командасы Еуропа кубогінен үш медаль жеңіп алды. Испанияның Малага қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті. Аталған байрақты бәсекеде қазақстандық бұрымды балуандар бір алтын, бір күмс және бір қола медальға қол жеткізді.

Лионель Месси жаңа клуб таңдады

Франциялық «Пари Сен-Жермен» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің алдағы уақытта қай командаға ауысатыны белгілі болды7 Diario AS мәліметі бойынша, 34 жастағы шабуылшы 2023 жылдың жазында америкалық «Интер Майами» сапына ауысады.