Астанада көркем гимнастикадан дәстүрлі ашық чемпионат өтеді

Астанада көркем гимнастикадан дәстүрлі ашық чемпионат өтеді
фото: pexels.com

26-28 ақпан аралығында Астана қаласында  көркем гимнастикадан дәстүрлі ашық чемпионаты өтеді. 

Аталған біріншілікке еліміздің басқа да қалалары, спорт мектептері және көркем гимнастика үйірмелерінің спортшылары қатыса алады.

Астана қалалық спорт басқармасы мәлім еткендей, жарыс Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG) көркем гимнастикадан 2023-2024 жылдардың қолданыстағы ережелеріне сәйкес өткізіледі.

Ашық қалалық чемпионатқа келесі дәрежелі гимнасшылар қатысады:
Спорт шебері (2008 ж. және одан үлкендер) қыздар;
Спорт шеберіне үміткер (2009-2011 ж.) қыздар;
1 спорттық разряд (2012-2014 ж.) қыздар;
2-3 спорттық разряд (2015 және одан кіші ж.) қыздар.

Жеке бағдарлама:
Спорт шебері (2008 ж. және одан үлкендер) шығыршық, доп, ұршық, таспа;
Спорт шеберіне үміткер (2009-2011 ж.) шығыршық, доп, ұршық,таспа;
1 спорттық разряд (2012-2014 ж.) шығыршық, доп, ұршық,таспа;
2 спорттық разряд (2015ж.) шығыршық, доп, ұршық,таспа;
3 спорттық разряд (2016 2015 және одан кіші ж.) б\п,шығыршық, доп.

Топттық бағдарлама:
Спорт шебері (2008ж. және одан үлкендері ) 5 шығыршық, 3 таспа + 2 доп;
Спорт шеберіне үміткер (2009-2011 ж) 5 шығыршық, 5 ұршық;
1 спорттық разряд (2012-2014 ж.) 5 шығыршық, 5 доп;
2 спорттық разряд (2014-2015 ж.) 5 шығыршық, 5 доп;
3 спорттық разряд (2015 және одан кіші ж.) б\п, 5 доп.

Дереккөз kaz.inform.kz