фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина жарақатына байланысты Дубай WTA 1000 турнирінің ширек финалдық ойынына қатысудан бас тартты.
Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық теннисші асқазан-ішек жолдарының ауруына қатысты осындай шешім қабылдаған.
«Қатарынан 3 турнирде өнер көрсету оңай емес. Организм шаршағандықтан жарақат алып қалды. Барлығы ойдағыдай болса, 6 наурызда болатын Индиан-Уэллс және 19 наурыздағы Miami Masters турниріне қатысады», – деді теннис федерациясының баспасөз хатшысы Асқар Ағатаев.
Aikyn.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через