фото: Спортты дамыту дирекциясы
Болгарияда өткен байрақты бәсекеде Дулат Бекбауов чемпион атанып, құрама қоржынына жалғыз алтын жүлдені салды.
Кіші әлем чемпионатына теңелетін "Странджа кубогінде" әлем чемпионатының күміс жүлдегері қарсылас шақ келтірмеді. 67 келіде жұдырықтасқан отандасымыз алғашқы айналымда жергілікті спортшы Благовест Неделчевтен айласын асырса, екінші кездесуінде украиналық Лозан Данилоны ұтты.
Бекбауов жартылай финалда алжирлік Абденассер Бенларибиді, финалда үнді Ражат Ражаттан бір бас жоғары болады. Осылайша, отандасымыз құрама қоржынына жалғыз алтын жүлдені салып, Қазақстан құрамасын сәтсіздіктен құтқарып қалды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы "Странджа кубогінде" тек үш қана жүлдеге ие болды. Дулаттың алтынынан бөлек, Санжар Тәшкенбай (51кг) күміс, Тұрсынбай Құлахмет (80кг) қола жүлдегер атанды.
https://kaz.caravan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через