фото: https://pixabay.com/ru/
Стол теннисінен Қазақстан құрамасы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алуы мүмкін. Осы күндері спортшыларымыз Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан әлем чемпионатына қатысуда. Егер командамыз ширек финалға шықса онда жазғы Олимпиадаға қатысады.
Қазақстан спортшылары чемпионатты сәтті бастады. Жігіттер Сауд арабиялық, ал қыздар Австралия қарсыластарын женді. Бірақ екінші ойында әйелдер командасы Австрия құрамасынан 0:3 есебімен ұтылды. Ал жігіттердің Англия мен Германияны женуге күштері жетпеді. Бірақ ерлердің топтан шығуға мүмкіндігі бар. Ол үшін 20 ақпанда америкалық теннисшілерді жеңу қажет.
Біздің спортшылар арасында әлемдік рейтингтегі ең жоғары 40-орында Кирилл Герасименко тұр. Кадеттер арасындағы әлем чемпионы 17 жастағы Алан Құрманғалиев кореядағы жарыста ересектермен тең ойнап, тәжірибе жинақтауда.
Қазір Қазақстанда стол теннисімен 170 мыңнан астам адам айналысады. Спортқа деген қызығушылық артқан сайын,бәсеке артып, чемпиондардың да көбейетіні белгілі.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через