фото: pixabay.com
Иран Ислам Республикасының астанасы Теһранда өткен жеңіл атлетикадан жабық кешендегі XI Азия чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы 12 медаль жеңіп алды.
ҚР Туризм және спорт министрлігі мәлім еткендей, биылғы бәсекеде Қазақстан спортшылары 4 алтын, 2 күміс пен 6 қола жүлдеге қол жеткізді.
Шешуші жарыс күні эстафетада (4*400 м) еліміздің ерлер (Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов, Ефим Тарасов, Вячеслав Земс) және әйелдер құрамасы (Аделина
Земс, Анна Шумило, Мария Шувалова, Кристина Кондрашова) топ жарды. Оның алдында Елизавета Матвеева (биіктікке секіру) мен Давид Ефремов (60 м кедергілер арқылы жүгіру) чемпион атанды.
Күміс жүлделерді Иван Иванов (ядро лақтыру) мен Ольга Сафронова (60 м жүгіру) жеңіп алды.
Ал қола жүлдегерлерді Аяна Болатбекқызы (1500 м жүгіру), Мария Ефремова (3 қарғып секіру), Ақбаян Мұрмәмет (800 м жүгіру), Алина Чистякова (көпсайыс) Эфим
Тарасов (400 метр жүгіру), Максим Фроловский (3000 метрге жүгіру) иеленді.
Максим Фроловский 3 мың метрге жүгіруде мәреге 5-болып келген. Алайда алдыңғы 2 адам ереже бұзғандықтан қола медаль қазақстандық атлетке берілді. Сондай-ақ
Максим 23 жасқа дейінгі санатта Қазақстан рекордын тіркеді (8:17.17).
Тегеранда барлығы 29 қазақстандық атлет ел намысын қорғады.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через