Түркістан облысында 5 мың тонна алма өңдейтін зауыт іске қосылды

Түркістан облысында 5 мың тонна алма өңдейтін зауыт іске қосылды

Түркістан облысының Түлкібас ауданында алма және өзге де жемістерді терең өңдейтін зауыт іске қосылды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.

Кәсіпорын 100 пайыз табиғи, қоспасыз шырын, жеміс пюресі, алма ұнтағы, сондай-ақ балалар тағамына арналған өнімдер шығарады.

"Түлкібас жеміс-жидектері" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі заманауи өндіріс стандарттарына сай. Қытайдан жеткізілген жаңа автоматтандырылған жабдықтармен жарақтандырылған. Зауытта жылына өндірістік қуаты 5 мың тоннаға дейін алма өңделеді", - дейді министрлік.

Қазіргі таңда кәсіпорында тәулігіне 30 тоннаға дейін алма өңделіп, Ayim брендімен шығарылатын дайын өнімдер сауда желілерінде сатылуда.

"Кәсіпорын толықтай өз шикізатымен қамтамасыз етілген. 300 гектар аумақтағы алма бақтарынан жиналған өнімнің бір бөлігі өңдеуге жіберілсе, қалған бөлігі сыйымдылығы 2 мың тонналық кооперативтің жеміс сақтау қоймасында сақталып, қыс мезгілінде нарыққа шығарылады", - дейді ауыл шаруашылығы министрлігі.

Алдағы уақытта зауыт жергілікті бағбандардан стандартқа сай келмейтін алмаларды қабылдап, өңдеуді жоспарлап отыр. Бұл аудан фермерлері үшін қосымша қолдау болмақ.

 

Дерек көзі: https://sputnik.kz