фото: https://prosports.kz/kz
Семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы Софья Актаева Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, спортшы рапирамен семсерлесу жарысында екінші орын алды.
Актаева жартылай финалда Қытай спортшысы Ху Бейниді 15:8 есебімен жеңді.
Ал финалда қазақстандық спортшы Ресей өкілі Стефания Часовниковамен кездесті. Нәтижесінде ресейлік семсерлесуші 15:11 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Софья Актаева Әлем кубогы кезеңін күміс жүлдемен аяқтады.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через