фото: pixabay.com
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі шетелдік маркетплейстерден сатып алынып, электронды саудаға салынатын тауарларды әкелудің жаңа тәртібі мен шарттарын бекітті. Олар биыл 1 шілдеде күшіне енеді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Енді құны 200 еуродан төмен тауарлады бажсыз әкелуге болады. Егер бағасы одан жоғары болса, сатып алынатын тауардың жалпы құнының 5 пайызы көлемінде кедендік баж салығы мен қосылған құн салығы салынады. Кедендік баждың ең төменгі құны келісіне 1 еуро.
Сонымен қатар кейбір тауар санаттарына, оның ішінде автокөліктерге, арнайы кедендік мөлшерлемелер қолданылады.
Қандай тауарларға жеңілдетілген декларация қолданылмайды?
Жаңа ережелер аясында электрондық саудада жеңілдетілген декларациялау тәртібі жүрмейтін тауарлардың тізімі де бекітілді. Бұлар — заң бойынша жеке пайдалануға арналған тауар деп саналмайтын өнімдер. Атап айтқанда, күнге қыздырынуға арналған солярийлер, іштен жану қозғалтқыштары, медициналық жиһаздар, ойын автоматтары және басқа да тауарлар осы санатқа кіреді.
Бұған қоса, әкелу мен әкетуге ерекше талап қойылатын өнімдер де шектеуге ұшырайды. Олардың қатарында қару-жарақ пен оқ-дәрі, қазба жануарлардың сүйектері, қауіпті қалдықтар және өзге де тауарлар бар.
Сондай-ақ алкоголь өнімдері, темекі бұйымдары, қолма-қол ақша, әуе және су көліктері, кейбір көлік түрлері мен олардың шассилері де бұл жеңілдетілген тәртіпке жатпайды.
Осылайша, электрондық сауда саласындағы жаңа талаптар 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап ресми түрде қолданысқа енгізіледі.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через