Қаңтар айының соңында Павлодарда 41 градусқа дейін аяз болады

Қаңтар айының соңында Павлодарда 41 градусқа дейін аяз болады
фото: https://pixabay.com/ru/users/gekonek-

       «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, Ертіс-Баян өңірінде қаңтар айындағы орташа ауа температурасы әдеттегі нормадан бір градусқа суық болады.

       «Қазгидромет» РМК Павлодар облыстық филиалының өкілдері 2026 жылғы қаңтарға арналған консультативтік болжамға сәйкес, осы айдың орташа температурасы -14,4... -19,0°с шегінде күтілетінін хабарлады.

       Айдың алғашқы онкүндігінде түнде ауа температурасы -23... -28°С-ден -30... -35°С-қа, күндіз -13... -18°С-ден -20... -25°С-қа дейін төмендеуі ықтимал. Одан кейін термометр бағанасы сәл көтеріліп, түнде -13... -18°С, күндіз -3... -8°С-ты құрайды.

       10 қаңтардан кейін түнде -13... -18°С-тан -28°-33°С-қа дейін, күндіз -3... -8°С-тан -18... -23 ° С-қа дейін ауытқиды.

       Ал үшінші онкүндікте нағыз аязды күндер басталуы мүмкін. Түнде температура -33... -38°С, күндіз -23... -28°С-қа дейін төмендесе, облыстың солтүстігінде түнде -41°С, күндіз -31°С-қа дейін аяздатуы ықтимал. Арқаның сары аязф көп ұзамай сынып, ауа температурасы түнде - 28 °С-қа дейін, күндіз -13… -18°С-қа дейін суық болады.

– Қаңтар айында түсетін ылғалдың мөлшері нормаға жақын болады деп күтіліп отыр (норма: 11-18 мм). Қар, боран, секундына 15-20 метрге дейінгі жел алғашқы онкүндіктің соңында, екінші онкүндіктің басында және айдың соңында күтіледі. Тұман алғашқы және үшінші онкүндіктердің басында түседі. Алғашқы онкүндіктің соңында көктайғақ болуы ықтимал, - деп хабарлады «Қазгидромет» мекемесінен.

       https://kaz.inform.kz/