фото: Табылды Кадырбеков/Sputnik/РИА Новости
Көкпаршыларға мың доллардан сыйақы берілді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкент қаласында ұлттық спорт өкілдеріне ерекше құрмет көрсетілді. Жергілікті әкім Ғабит Сыздықбеков аймақ намысмын қорғап жүрген көкпаршыларды жинап, өткен жылды қорытындылады және алдағы жылға жоспарды талқылады.
Жиын барысында өңірдің атынан өнер көрсетіп, аймақаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарда тұрақты жүлде әкеліп жүрген жігіттерге қаржылай сыйақы таратты.
Командадағы 12 жігіт және оларлың бапкерлері де назардан тыс қалмады. Айта кетейік, Шымкент құрамасы былтыр алғаш рет өткізіліген жаңа форматтағы, яғни, клубаралық форматтағы Қазақстан Кубогында топ жарды. Бұған қоса, жылдың басты жарысы ел чемпионатында екінші орынға тұрақтаған болатын.
Енді биыл жігіттердің шеберлігін шыңдап, жаттығу жұмыстарын жиілетіп, көрсеткішті одан сайын арттыру жоспарланып отыр.
Көкпар – көшпелілердің байырғы заманнан бері келе жатқан ғұрыптық-жауынгерлік ойын өнері. Аталмыш ойынның шығу төркіні жайлы зерттеушілер, «Қазіргі көкпар тарту әуелде әлеуметтік мәні бар әскери машықтың қажетінен туған. Түркі қағандығы кезінде «дербес жасақты» осындай жаттығудан өтіп, сыналған жауынгерлерден жасақтаған, деп жазды egemen.kz.
Расында, көшпелілердің өмір сүру салтында, жауынгерлік өнердің маңызы зор. Ат үсті сайыста дайындықсыз сарбаз ажал құшуы мүмкін. Сол себепті, көкпар сияқты ұлттық ойын түрлерін жетілдіру арқылы әскери-жауынгерлік дайындыққа мән берген. Айталық, ертеде қырғын шайқас үстінде жараланған жолдасын жау қолына тастап кетпес үшін, оның денесін іліп алып, майдан ортасынан алып шығу керек. Немесе жаудың тақымға басқан жау-жарағын тартып алып, оны қарусыздандыру қажет. Бұндай іс көкпар тартып әбден машықтанған сарбаз үшін қиынға соқпайды. Демек, көкпар дегеніміз – жауынгерлік өнер.
Бізге белгілі көкпардың көптеген түрлері бар. Атап айтқанда: жаппай тарту, ұтысып тарту, дода көкпар, айналма көкпар, мәре көкпар, өлмес көкпар, тақым тартыс, т.б.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через