фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/AJ_Watt
Президент Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған заң медицина қызметкерлеріне күш қолданып, қатыгездік танытқан адамдарға қолданылатын жазаны күшейтеді.
Енді медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадаларының жүргізушілеріне күш қолданамын деп қорқытқаны үшін 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту көзделеді. Сондай-ақ 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған. Ауырлататын мән-жайлар болған жағдайда 2 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Егер медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық жасалса, кінәлі адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Ал бұл әрекет ауырлататын жағдайларда жасалса, жаза мерзімі 7 жылдан 12 жылға дейін ұлғаяды.
https://nege.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через