фото: https://www.google.com/url?sa=t&source=web&rct=j&opi=89978449&url=https://qaz.ulysmedia.kz/news/16065-kuanshylyk-kazakstannyn-kai-onirlerinde-ku-rgakshylyk-boluy-mumkin/&ved=2ahUKEwj47Y6EgYuSAxX4AhAIHbggN_gQh-wKegQIHhAE&usg=AOvVaw2siyq47Pk1nSXADOIRUYn
Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығы Климаттың өзгеруі бағдарламасының менеджері Азамат Қауазов жер асты суларын кешенді пайдалану тұжырымдамасы тәуекелдерді төмендетуге және елдің су тәуелсіздігін арттыруға мүмкіндік береді деп есептейді.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Үкіметке Жайық пен Балқаштың экожүйесін «Цифрлық егіз» технологиясы арқылы бақылауды ұсынды.
— Салада цифрландыру деңгейі де өте төмен. Мәселен, су жүйелерінің 90%-ы онлайн мониторингтен тыс. Нақты уақытта басқару құралдары жоқ. Сондықтан жедел деректерге негізделген шешім қабылдау мүмкін емес. Бұл — жаңа Су кодексінде көрсетілген бірыңғай деректер платформасын құру міндетіне қайшы, — дейді депутат.
Ол аталған проблеманы Қытайдың тәжірибесімен шешуге болатынын айтады.
— Қытай су бассейндеріне «Цифрлық егіз» (Digital Twin) технологиясын кеңінен енгізіп жатыр. Осындай технологиялар бүгінде Янцзы, Хуанхэ, Лицзян сияқты ірі өзендер үшін міндетті ұлттық стандартқа айналды. Бұл жай ғана 3D-көрініс емес. Бұл — өзен, көлдердің «тірі» цифрлық моделі. Ол нақты уақыт режимінде: спутник пен дрондардан, су үстіндегі және су астындағы автономды кемелерден, су сапасы датчиктерінен, экологиялық ДНҚ талдауынан, климаттық және гидрологиялық модельдерден деректер алып, өзен экожүйесінің толық жағдайын көрсетеді, — деді Еділ Жаңбыршин.
Депутат Үкіметке «Ұлттық су экожүйелерінің цифрлық орталығын» және экологиялық ДНҚ (eDNA) зертханасын құрып, биоалуантүрлілік мониторингін жаңғыртуды ұсынып отыр.
— Пилоттық жоба ретінде еліміздің екі ірі су бассейніне, мысалы Жайық–Каспий, Балқаш-Алакөл бассейндеріне арналған «Цифрлық егіз» платформасын жасақтау. Болашақта мұндай технологияны барлық су бассейндеріне енгізу. Бұл жобаларды тәжірибесі мол шетелдік компаниялармен және халықаралық су саласының институттарымен бірлесіп жасақтау ұсынылады, — деді Еділ Жаңбыршин.
Еске салсақ, Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің атауы Балқаш болатынын жазған едік.
https://kaz.inform.kz/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через