фото: pixabay.com
Электронды үкімет порталында 2026 жылға арналған ресми демалыс күндерінің кестесі жарияланды. Биыл мерекелердің басым бөлігі сенбі-жексенбіге сәйкес келетіндіктен, ел тұрғындары үшін демалыс күндері едәуір ұзарады. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы egemen.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар үшін биыл мерекелерге байланысты 15 қосымша демалыс күні қарастырылған.
Мерекелік күндердің реті:
Жаңа жыл мен Рождествоға байланысты ай басында 3 күн демалыс бар.
Көктемнің алғашқы айында демалыс көп. 8 наурыз жексенбіге түскендіктен, 9 наурыз (дүйсенбі) демалыс болады. Ал Наурыз мейрамының екі күні (21-22 наурыз) демалыс күндерімен сәйкес келгендіктен, 24 және 25 наурыз күндері де демалыс деп жарияланды. Нәтижесінде 9, 21, 23, 24 және 25 наурыз күндері демалыс болады.
Мамыр айында 4 мерекелік күн бар. Атап айтқанда, 1, 7 және 9 мамыр. Жеңіс күні (9 мамыр) сенбіге тура келеді, сондықтан демалыс 11 мамырға (дүйсенбі) ауысады. Сондай-ақ биыл Құрбан айттың алғашқы күні 27 мамырға дөп келді.
Астана күніне орай 6 шілде (дүйсенбі) – демалыс.
Конституция күні (30 тамыз) жексенбі болғандықтан, 31 тамыз (дүйсенбі) қосымша демалыс күні болып белгіленді.
Республика күні (25 қазан) жексенбіге сәйкес келеді, тиісінше 26 қазан (дүйсенбі) жұмыс болмайды.
Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан (сәрсенбі) демалыс күні болып қалады.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через