фото: https://pixabay.com/
Тоннельдің ұзындығы 22 шақырымнан асады
Қытай билігі елдің солтүстік-батысында орналасқан "Тяньшань Шэнли" автокөлік тоннелін 26 желтоқсанда ресми түрде пайдалануға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
China Daily басылымының жазуынша, тоннельдің ұзындығы 22 шақырымнан асады. Қытай тарапының мәлімдеуінше, бұл – әлемдегі ең ұзын жылдам жүруге арналған автожол тоннелі. Ол Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында орналасқан және таулы аймақ арқылы жүру уақытын бірнеше сағаттан небәрі 20 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Тоннель сол күні іске қосылған G0711 Үрімші – Юйли жоғары жылдамдықты автожолының бойында орналасқан. Ұзындығы 324 шақырымнан асатын бұл автомагистраль Шыңжаңның солтүстігі мен оңтүстігіндегі қалалық агломерацияларды байланыстыратын маңызды көлік күре жолы болып саналады.
Аталған жобаның құрылысы бес жылға созылды. Жобаға салынған инвестиция көлемі 46,7 млрд юаньды құрады.
Дерек көзі: https://sputnik.kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через