фото: pixabay.com
Қазақстан қарулы күштерінің әскери музыканттары Дохада өткен І халықаралық әскери музыка фестивалінде сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шетелдік көрермен еліміздің әскери және ұлттық әуен нақыштарын, саптық сымбат пен хореографияны үйлестіре білген әртістердің кәсібилігін жоғары бағалады.
Әскерилер патриоттық әндерді орындады. Өнер көрсеткендер – орталық әскери оркестр, би тобы, Ұлттық әскери-патриоттық орталық, фольклорлық-этнографиялық оркестр, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің Құрмет қарауыл ротасы.
Қазақстаннан бөлек, Ұлыбритания, Йордания, Ирландия, АҚШ, Оман, Түркия шығармашылық ұжымдары және Катардың элиталық әскери-музыкалық оркестрлері қатысты. Елге жүлдемен оралған жеңімпаздарды әріптестері ыстық ықыласпен қарсы алды.
Мақсат Шәкенов, ҚР ҚК орталық әскери оркестрінің бастығы:
Ол жерде біз тек қана қазақ елінің музыкасын ойнап қоймай, қазақтың ұлттық аспаптарын көрсеттік. Бұл фестивальге негізі орын берілмейді деген. Бірақ ұйымдастырушылар бізге рахметтерін айтып, біз кетердің алдында бізге ғана бас жүлде, бірінші орын деген атақ берілді.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через