Қазақстанда жеке куәлікті алғаш рет алу тегін

Қазақстанда жеке куәлікті алғаш рет алу тегін
фото: wikipedia.org

Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке куәлікті алғаш рет алу, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру тегін берілетінін мәлімдеді. 

Аслан Аталықовтың айтуынша, мемлекеттік баж жеке куәлікті алғаш алу кезінде де, сондай-ақ құжаттың жарамдылық мерзімі аяқталған соң жоспарлы түрде ауыстырғанда да алынбайды. Ішкі істер министрлігінің бұл бастамасы құжат рәсімдеу тәртібін жеңілдетуге және азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған.

Нақтырақ айтқанда:
    •    16 жасқа толғанда берілетін алғашқы жеке куәлік үшін мемлекеттік баж алынбайды.
    •    Бұл норма Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген.

Ал мына жағдайларда төлем алынады:
    •    жеке куәлікті жоғалтып алсаңыз;
    •    мерзімі өткеннен кейін қайта жасатсаңыз;
    •    аты-жөніңізді, деректеріңізді өзгертсеңіз;
    •    жедел (ускоренный) тәртіппен алсаңыз.

Қысқаша:
Алғаш рет — тегін
Қайта алу — ақылы

Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бірқатар құжаттарды рәсімдеу үшін алынатын мемлекеттік баж мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге өсуіне байланысты өзгереді. Осыған орай паспорттар, жеке куәліктер, жүргізуші куәліктері және кейбір тіркеу қызметтері қымбаттайды.

Атап айтқанда:

  • 16 жасқа дейінгі балаларға арналған 24 беттен тұратын паспорттың құны 17 300 теңге (4 АЕК) болады, бұл 2025 жылғы 15 728 теңгемен салыстырғанда қымбат;
  • 36 беттен тұратын стандартты паспорт – 34 600 теңге (8 АЕК);
  • 48 беттен тұратын паспорт – 51 900 теңге (12 АЕК);
  • жүргізуші куәлігін рәсімдеу – 5 406 теңге (1,25 АЕК).

Сонымен қатар туу туралы куәлік алғаш рет берілген кезде тегін күйінде қалады, ал оның көшірмесін алу үшін 0,5 АЕК, яғни 2 163 теңге төлеу қажет болады.