Қазақстанда 16 жасқа дейінгілердің әлеуметтік желіде тіркелуіне тыйым ұсынылды

Қазақстанда 16 жасқа дейінгілердің әлеуметтік желіде тіркелуіне тыйым ұсынылды
фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/monkeybusinessimages

       Мәдениет және ақпарат министрлігі әзірлеген жаңа заң жобасы 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерде аккаунт ашуына шектеу енгізуді көздейді. Ведомствоның мәліметінше, бұл бастама ата-аналар, педагогтар және қоғамдық ұйымдардың өтініштері негізінде, сондай-ақ халықаралық тәжірибені зерделеу нәтижесінде қолға алынған.

       Министрлік аталған тыйым тек әлеуметтік желілерге қатысты болатынын және мессенджерлерге қолданылмайтынын нақтылады. Басты мақсат — кәмелетке толмағандарды зиянды контенттен қорғау және онлайн қауіпсіздікті күшейту.

       Қазіргі таңда ұсыныс қоғам талқылауында. Шектеу қолдау тапқан жағдайда, платформаларға пайдаланушы жасын тексеру міндеті жүктелуі мүмкін. Мұндай тәсіл Австралия секілді елдерде қолданылып келеді.