фото: ulysmedia.kz
Қазақстанның балығы сұранысқа ие. Отандық өнім Еуропаға экспортталып жатыр.
Кәсіпорындар Германия, Латвия, Литва, Нидерланд сынды елдерге 50 түрлі өнім жеткізеді. Бұл туралы Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл 45 мың тонна өнім өңделген. Бұл былтырғы көрсеткіштен 10 мың тоннаға көп. Нақты айтсақ, елде ысталған, қақталған, мұздатылған дайын балық өнімдері жасалады. Ал жыл басынан бері ауланған балық 40 мың тоннаға жетті. Өндірісті ұлғайту үшін 44 ірі жоба жүзеге асырылуда. Инвестиция көлемі шамамен 50 млрд теңге. Бұл жобаларды іске асыру нәтижесінде балық өсіру көлемі 16 мың тоннаға, өңдеу көлемі 17 мың тоннаға және балық жемін өндіру жылына 6,7 мың тоннаға дейін артады. Одан бөлек заңсыз балық аулаушыларға бақылау артып, көлеңкелі айналыммен күрес күшейген.
Серік Сермағамбетов, ҚР АШМ балық шаруашылығы комитетінің төрағасы:
- Құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, заң бұзған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осылайша 2024 жылы шамамен 5 500 құқық бұзушылық анықталып, жалпы көлемі 100 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, 30 тоннадан астам балық тәркіленді.
https://24.kz/kz
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через