фото: polisia.kz
Алматыда полиция пиротехника саудасын тексерді, – деп хабарлайды "Сапалы Қазақстан" порталы.
Жаңа жыл мерекелері жақындаған тұста Алматы қаласының полициясы төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында кең ауқымды профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп жазды polisia.kz.
Қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы профилактикалық жұмыстар аясында полиция қызметкерлері ТЖД өкілдерімен бірлесіп, пиротехникалық өнімдер сатылатын негізгі орындардың бірін тексерістен өткізді.
Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер тұрғындарға пиротехникалық өнімдерді тек сертификатталған және арнайы рұқсат етілген сатылым орындарынан сатып алу қажеттігін, олардың қолдану нұсқаулығын қатаң сақтауды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға петарда мен салют қолдануға рұқсат бермеуді еске салады.
Пиротехниканы заңсыз сатуға жол берілмейді
Рейд барысында пиротехниканы сақтау және сату қағидаларының бұзылғаны анықталды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды.
- Біз мұндай тексерістерді жүйелі түрде жүргізіп келеміз. Мақсатымыз – қауіп-қатерге жол бермеу. Әрбір сатушы пиротехниканы сақтау мен өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Полиция заңсыз саудаға тосқауыл қою және құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастырады. Сонымен қатар пиротехниканы заңсыз сатуға жол берілмейтінін ескертеміз және азаматтарды мерекелік бұйымдарды пайдалану кезінде барынша сақ болуға шақырамыз, – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через