фото: pixabay.com
Кеше, 13 желтоқсанда Дубайда өз мәресіне жеткен IBA нұсқасы бойынша өткен бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бірнеше жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz sportarena.kz-ке сілтеме жасап.
World Boxing нұсқасында жүлдегерлерге ақшалай төлемдер қарастырылмаса, ал IBA тек медаль иегерлеріне ғана емес, ширек финалға жеткен спортшыларға да сыйақы төлейді.
Жарыс регламентіне сәйкес, әлем чемпиондары 300 мың доллардан, финалға шыққандар 150 мың доллардан, қола жүлдегерлер 75 мыңнан, ал ширек финалға жеткендер 10 мың доллардан алады.
Осы жағынан алғанда, Қазақстанның әлем чемпиондары Сәкен Бибосынов, Оразбек Асылқұлов және Абылайхан Жүсіповтің әрқайсысы 300 мың доллардан табыс тапты. Күміс медаль иесі - Сабыржан Аққалықов 150 мың доллар алады. Қола жүлдегерлер Ертуған Зейнуллинов пен Теміртас Жүсіповтің әрқайсысы 75 мың доллардан өз кірістерін толықтырды.
Ширек финалға жетіп, сүрінген боксшылар – Санатәлі Төлтаев, Даниял Сәбит, Серік Теміржанов және Нұрлан Сапарбай 10 мың доллардан сыйақы алады.
Жалпы, қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында 1,24 млн доллар табыс тапты.
Ал IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында жүлде алған қазақстандық боксшыларға мемлекеттен қосымша сыйақы төленбейді.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через