фото: https://pixabay.com/ru/users/mariamzа
Air Astana әуекомпаниясының Алматыдан Бангкокқа ұшып шыққан ұшағы техникалық себеппен Делиге шұғыл қонды.
Мән-жайы
Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, оқиға 18 желтоқсанда түнде KC931 рейсінде Алматы - Бангкок бағытында болған. Жолаушылардың айтуынша, ұшақта оң жақ қозғалтқыштан қатты дыбыс шыққан, ұшақ төмендей бастағанда, салонда күйік иісі сезілген. Экипаж ұшақты дереу Делиге қондырған. Пассажирлер екі сағаттан артық уақыт ұшақта болған, кейін ұшақтағы ақау туралы хабарланған.
Air Astana пікірі
Әуекомпаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 желтоқсанда Алматы - Бангкок бағыты бойынша KC931 рейсін орындаған ұшақ техникалық себеппен Делиге қонды.
"Ұшақ 138 жолаушымен Алматыдан сағат 01:00-де ұшып шықты және 05:51-де Дели әуежайына қалыпты режимде қонды. Барлық жолаушыға тамақ берілді, уақытша визалар рәсімделді, ал әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге орналастыру мәселесін шешіп жатыр", – деп хабарлады компания өкілдері.
Сонымен қатар, Бангкокқа ұшуды жалғастыру үшін резерв ұшақ дайындалып жатыр.
https://kaz.tengrinews.kz/tengritravel/
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через