Спорт

Азия чемпионатында қазақстандық Эльмира Сыздықова «алтын» алды

Әйелдер күресінен Қазақстандық Эльмира Сыздықова Астанада өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 76 келіге дейінгі салмақта финалда ол қырғызстандық Айпері Медетқызымен шеберлік байқасты. Қазақстандық балуан қарсыласынан жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласын жеңіп, Азия чемпионы атанды.

Қазақстандық таеквондошы халықаралық жарыста жеңімпаз атанды

Маңғыстаулық спортшы Бауыржан Исамедин Австрияның Инсбрук қаласында таеквондодан(WT) өткен халықаралық «Austrian Open G-1» рейтингтік турнирінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық спорт басқармасынан мәлімдеді.