Нұрбек Оралбайдың финалдағы қарсыласы анықталды

Нұрбек Оралбайдың финалдағы қарсыласы анықталды
фото: Владислав Семенов/ҰОК

Париж Олимпиадасында қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайдың (80 келі) финалдағы қарсыласы анықталды, деп жазды kaz.inform.kz.

Қазақстандық боксшы финалда украиналық Александр Хижнякпен қолғап түйістіреді. Қарсыласы Токио Олимпиадасында күміс жүлдегер атанса, 2017 жылы әдем чемпионатында топ жарған. 

Еуропа чемпионы атағын бірнеше мәрте жеңіп алған.  

80 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз жартылай финалда Доминикан Республикасының былғары қолғап шебері Кристиан Хавьер Пиналеспен жұдырықтасып, қарсыласын жеңген. 

Мұның алдында әзербайжандық Мурад Аллахвердиев, аустралиялық Каллум Питерстен басым түскен еді.

Фото Владислав Семенов/ҰОК