фото: Владислав Семенов/ҰОК
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласынан ұтылып, күміс медальді қанағат тұтты, деп жазды kaz.inform.kz.

Фото: Владислав Семенов/ҰОК
Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта ел намысын қорғаған отандасымыз финалда украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласты. Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен Хижняк жеңімпаз деп танылды.

Фото: ҰОК
Осылайша украиналық боксшы Париж Олимпиадасының чемпионы атанса, қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер болды.

Фото: ҰОК
Естеріңізге сала кетейік, Париж Олимпиадасына бас бапкер Мырзағали Айтжанов жеті боксшы алып келген болатын.

Фото: Владислав Семенов/ҰОК
Өкінішке қарай, оның алтауы жарысты ерте аяқтап, көрермен қатарына қосылды.

Фото: ҰОК
Ал әйелдер боксынан лицензия жеңіп алған үш боксшының екеуі алғашқы жекпе-жегінде жарыс жолын аяқтаса, олардың арасынан 50 келі салмақта Назым Қызайбай ғана ел үмітін ақтады.

Фото: Сали Сабиров/ҰОК
Ол кеше ел қоржынына Олимпиада ойындарының үшінші қола жүлдесін сыйлаған еді.

Фото: ҰОК

Фото: ҰОК
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через