2024 жылғы Олимпиаданың жеңімпаздары Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды

2024 жылғы Олимпиаданың жеңімпаздары Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды
фото: baigenews.kz

       Бүгін Париждегі  Олимпиаданың 10-ші күні. Әзірге Қазақстан 1 алтын, 1 күміс, 2 қоламен  отызыншы орында тұр. Дегенмен еліміздің көк байрағы әлі жеңіс тұғырында желбірейді деген үміт бар. Өйткені, сенбі және жексенбі күндері қос бірдей спортшымыз финалға жолдама алды.

       Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды. Оларды күтіп алуға келген жанда есеп болмады. Өйткені төрт жылдықтың басты бәсекесінде көк байрақты көкке көтерген олимпиада жеңімпаздарын дүйім ел көруге асықты. 

       Отандық саңлақтарды Алматы әуежайында ағайын-туысы, әріптестері және спорт жанкүйерлері қарсы алды. Ғұсман Қырғызбай өзінің алғашқы әсерімен бөлісті.  Оның сөзінше әзірше спорттан кету ойында жоқ. Сондықтан барша үміт артқан халыққа алғысын айтып болашақта тағы жеңістермен  қуантуға тырысатынын жеткізді. Айта кету керек Олимпиадаға аға лейтенат болып барған Ғұсман Қырғызбай капитан шенінде оралды.

       Standard.kz