Елдос Сметовке жерлестері сыйлық жасады

Елдос Сметовке жерлестері сыйлық жасады
фото: Алтынбек Қартабай/kaz.inform.kz

Дзюдодан Париж олимпиадасының жеңімпазы Елдос Сметовке Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа Lexus 600 көлігі мен Тараз қаласынан 5 бөлмелі пәтер кілтін табыстады. 

Елдостың жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке де Hyundai Santa Fe автокөлігі мен 2 бөлмелі пәтер кілтін сыйланды. Бағалы көліктер мен пәтерлер өңірдегі кәсіпкерлердің демеушілігімен Олимпиада чемпионы мен бапкеріне арнайы алынған.

пәтер

Фото: Алтынбек Қартабай

«Жақында ғана Парижде өтіп жатқан 33-ші жазғы Олимпиада ойындарында еліміз тарихи жеңіске қол жеткізді. Бұл жеңіс жамбылдықтардың ғана емес, барша қазақстандықтың мәртебесін асқақтатты. Ел баласы Елдос Сметов дзюдо спорты бойынша Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш Олимпиада чемпионы атанып отыр. Данқты спортшы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздан кейін бірде-бір қазақ баласы бұл биікті бағындырған емес. Араға 44 жыл салып Елдос Сметов қазақтың осы арман-мақсатына қол жеткізді. Осы сәтте, Әулие ата өңірі – чемпиондар өлкесі, мықты бапкерлер ордасы дегім келеді. Сондай-ақ, Қасиетті Жамбыл жері – ер Елдостың жеңісінен кейін жауырыны жер иіскемеген палуандардың астанасы десек қателеспейміз. Қазақ спортының, Жамбыл спортының даңқы арта берсін! Еліміздің көк байрағы биіктен желбірей берсін!» - деді стадионда сөйлеген сөзінде облыс әкімі.

сыйлық

Фото: Алтынбек Қартабай