Иранда наразылық кезінде 5 мың адам қаза тапты

Иранда наразылық кезінде 5 мың адам қаза тапты
фото: pixabay.com

Иранда наразылықтар кезінде 5 мың адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters агенттігіне үкімет өкілі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап. 

Көз жұмғандардың арасында 500-ге жуық қауіпсіздік қызметкері бар. Үкімет өкілінің хабарлауынша, ел билігі наразылыққа шыққандардың өліміне лаңкестер мен қарулы көтерілісшілер жауапты деп отыр.

Ирандағы жаппай наразылықтар өткен жылдың желтоқсан айының соңында басталды. Қарулы қақтығыстардың дені солтүстік-батыстағы күрд аймақтарында тіркелген. Иран басшылығы елдегі тәртіпсіздіктерге сыртқы қарсыластарды жиі айыптайды.

Десек те, адам құқықтарын қорғау ұйымдарының деректері басқа. АҚШ-та орналасқан HRANA ұйымы 3308 адам қаза болғанын, тағы 4382 адамның өлімі тексеріліп жатқанын хабарлады. HRANA дерегінше, 24 мыңнан астам адам тұтқындалған. Ал Норвегиядағы Hengaw күрд-ирандық адам құқықтарын қорғау тобы қарулы қақтығыстар Иранның күрд аймақтарында шиеленіскенін мәлімдеген.