фото: https://pixabay.com/
Ғарышқа ұшуда үстемдікке жету СССР-ді астанасынан бастап қияндағы түкпірлеріне дейін шаттандырды. Алайда, шалғай ауылдарда бұған қуана қоймағандар да табылды. «Ұшып жатыр ма, ұша берсін. Онда тұрған не бар»,-десті олар. Тіпті «Осылай жасаудың оңып тұрған ештеңесі жоқ»,-деушілер де болды. - Аспанға тас лақтырсаң, басыңа түсетін қауіп көбейеді. Ол жақта періштелердің жоқ екені айдан анық. Аспан-тек жын-шайтандардың мекені. Қазір олар өздерімен өздері, тыныш өмір сүріп жатыр. Корабль жіберіп оларды босқа мазаламаймыз. Назарын өзімізге бұрып аламыз»
Осы әңігмені кіші Маклок селосының кемпірі таратып жүрді. Аты Лукерья Петровна Боброва болғанымен, ауылдастары оны Бобриха деп ат қойып алған. Біреулер оны колхоз даласында бір күнде жұмыс істемеген жалқау жатып, жатып ішер десе, енді біреулер мыстан деп санайды. Өзі мүгедек ретінде бала кезінен жәрдемақы алып келеді. Оған себеп кішкентайында 1932 жылы ашаршылыққа ұшыраған. Үй-іші, тіпті ауылдастары түгелімен кісіжегіштердің құрбаны болған. Жалғыз бұның қалай аман қалғанын ешкім білмейді.
Осындай қасиеті оны әлі күнге аман сақтап келеді. Көршілері, ауылдастары кездейсоқ бәле-жалаға ұшырап, кейде өліп те қалады. Ал бұл болса, анда-санда ана жер, мына жері сырқырап қоятыны болмаса, дін аман. Көпшілік әсіресе әйелдер оған ақыл сұрап, көбіне емделуге келеді. Ал бұл көбіне кеңес берумен шектеледі. Кеңесі де: «Азырақ еңбектеніп, көбірек демалу керек»,- деген тәрізді бәріне түсінікті кеңестер. -Жұмыстың бәрін бірдей тауыса алмайсың. Әлдеқалай ерсіленіп істеп бітіріп тастасаң, бәрібір басқасы табылады»,- дейді. Осылай ақыл айта жүріп ауруға кейде үшкіріп, ішетін бір нәрсе жазып береді. Немесе ауырған жеріне сүлік салады. Бұлардың пайдасы болған кездер де бар. Оның космосқа қатысты айтып жүргендеріне басында ешкім мән берген жоқ. «Қайтсін, кеміс қой. Айтады, айтады да қояды» десті. Ал Бобриха болса, керісінше, өршілене түсті. Тіпті ол:«Аспанға мүрделерді ұшырып жатыр. Сол жақта мүрделер арасынан олар да орнын табады»,-дейтінді шығарды.
Кейін космосқа Гагарин, Титов, одан соң американдықтар ұшты. Ауылдастары Бобриха енді қоятын шығар деп ойлады. Бірақ олай болмады. «Гагариндер де басқалар сияқты арнайы дайындалған жын тектес адамдар. Істеп жүргендерін қара. Көкті кездік деп мәз. Ал шын мәнінде қапас темір шарда, тік тұруға да мұршасы келмей жатқандары ойларында жоқ.
Ал ұшқышы орбитаға шыға алатын «Восход» корабліне қатысты айтқаны мынау болды:«Бұрын шарик еді ұшыратындары. Енді оған түтік жапсырыпты. Ал оған мінген ұшқыштың күні құрысын. Түтікті бойлап барып сыртқа шығыпты. Шыққанымен күмпиіп, үріліп кетіп, кейін қайта кіре алмай біраз әуреленді. Бірақ ештеңе емес. Мен оған сүлік салып, жәрдемдесіп жібердім. Енді өмірі ұзақ болады. Ал екінші ұшқышқа мүрделер тісін қайрап жатыр. Әзір тек бағытынан жаңылдырып, ескерту жасады. Енді ойлансын. Өліктердің мазасын алуға болмайтынын түсінсін».
Бұл арада мынаны айту керек. Ғарышқа ұшу кезіндегі апаттар ол кезде халықтан жасырылатын. Мысалы Леонов сапарындағы кемшіліктер көп жылдан кейін ғана белгілі болды. Сондықтан Бобриха сөзі шындыққа жанасатынын ауылдастары білмеді. Ал оның ендігі айтқаны біраз адамды алаңдатып та тастады. Ол:«Жерді алып заттар айналып жүр. Біздің корабльдер оның қасында шыбын-шіркей сияқты»,-дегенде оны арнайы мекемеге шақыртты. «Әлгі айтып жүргендерің неғылған заттар, американдық аппараттар емес пе?» деп сұрады. Бобриха:«олар көне тостағандар. Іші жылан, бақа-шаянға толы» дегенде тергеушілер оны сөз айтпастан қоя берді.
Оның бұдан кейін айтқандары дүрбелең туғызды деуге болады. Сыпсың сөзге айналып, тарай бастады. Ол сөз бойынша жақында соғыс басталмақ. Бірақ бұрынғыдай адамдар арасында емес. «Біз атом бомбаларын жарып, жер астындағы құбыжықтарды мазаладық. Олар енді жер бетіне шығып, адамдарды жоюға кіріседі. Сондықтан алдын ала космостан пана іздеп жатырмыз. Ондай баспаналарды Айда не космостың өзінде құрастырмақпыз. Бірақ ол жақтың да өз қожайындары бар. Олар үшін біз шақырылмаған қонақтармыз. Егер бас иіп, тарту-таралғымен барсақ, ығысып шеттерінен шағын болса да қоныс беруі мүмкін. Ал егер дөрекі түрде, күшпен орнығамыз десек, бізді араларына ешкім кіргізбейді.
Бобриханың бұл айтқандары шектен тыс әңгіме болды. Сондықтан оны медициналық комиссия шақырып алып әңгімелесті де, созылмалы шизофрения деген диагноз қойды. Сөйтіп ол жындыханаға түсті. Бұған ол қайғырған жоқ.
Тап сол күні «Союз» аппараты ұшырылды да, апатқа ұшырап, ұшқышы қаза тапты. Осыған орай, ауруханаға қауіпсіздік комитетінен кісілер келді. Олар бас дәрігермен сөйлесті. Мыстан атанған аурудың жағдайын білмек болды. «Өтірік шизофреник болып жүрген, ал шын мәнінде арнайы дайындықпен өткен тыңшы емес пе» деп сұрады. Дәрігер болса,«ауруы диагнозға сай» деді. Ал өзінің тыңшылардың қандай дайындықтан өтетіндігін білмейтінін, сондықтан бұған қатысты қорытынды беруге міндетті еместігін айтты. Ақыры олар Лукерья Петровнаға бақылауды күшейтетін болып келісті.
Ауруханада Бобриха көнбіс мінез көрсетті. Берілген таблеткаларды сөзге келместен, жұта салады. Егуден кейін басқа науқастар сияқты бебеулеп жатып та қалмайды. Ал электротерапиядан тіпті ләззат алатындай. Сеанстан соң медбикелерге алғыс айтып, «келесі де ыстықты көбірек жіберіңдерші,бойымның құрыс-тұрысы жазылып, рахаттанып қалдым ғой»,-дейтін.
Ол басқа аурулардың ешқайсысымен жұғыса қойған жоқ. Тек шахтермен және мұғалім қызбен ғана тіл табысты. Шахтер мұнда көзіне жер астындағы бір қалалар еслестеп түскен. Онда адамдарды құбыжықтар мен аюлар басқарады екен.
Мұғалима болса оқу бітірген соң арнайы жолдамамен орман дайындаушылардың поселкесіне жіберілген. Оған да сондай елестер көрінген. Бұнысына ешкім сенбей, міндетінен қашып ойлап шығарғаны деп жындыханаға әкелген.
Бас дәрігердің оларды арнайы бақылайтын құралдары болған жоқ. Олар туралы тек медқызметкерлердің айтуынан біліп отырды. Олар үшеуі бар уақыттарын әлем құрылысы, адамзат болашағы туралы әңгімеге жұмсайды. Ал мұндай әңгіме жындыхананың барлық пациенттері үшін де негізгі тақырып. Осылай ол үшеуінен оғаш ештеңе байқалмады. Тіпті олар қалғандарына төзімді және сабырлы болуға уағыздай бастады. Сол себепті үшеуінің жағдайлары түзеліп келе жатқандай көрінді. Ақырында Лукерья Петровнаны тіпті үйіне босату туралы шешім қабылданды. Бірақ сол күні ол, онымен бірге шахтер және мұғалима жоғалып кетті. Сол күні кезекші болған Фрол деген санитар түсініктемесінде қабырғадан елес тәрізді бейнелердің кіргенін жазды. Олар әлгі үшеуін жетектеп алып, қабырғаға сіңіп қайта жоғалыпты.
Ол санитар маскүнем адам болатын. Ауруларға арналған медициналық спиртті ішіп қоя беретін. Сондықтан оның сөзіне ешкім сенбеді. Ал әлгі үшеуге олар қоғамға қауіпсіз болғандықтан жай іздеу жасалды. Алайда, бұл еш нәтиже берген жоқ. Сөйтіп, әп-сәтте ғайып болған үшеудің тағдыры жұмбақ күйінде қала берді.
Мақала ғаламтордан алып дайындалды.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через