Спорт

Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізді. Алматыда танымал актер ирандық боксшы Амир Яранимен кездесіп, қарсыласын 4-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Ресейлік «Зенит» футбол клубы Қазақстан құрамасының ойыншысын сатып алды

Менің білуімше, бұл қазақстандық футбол тарихындағы ең ірі мәміле. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп петерборлық "Зенитпен" ұзақ мерзімді келісімшартқа отырды

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 13 қазақстандық бақ сынайды

 Колумбия астанасы - Богота қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады.Дүбірлі додада еліміздің атынан 13 ауыр атлет бақ сынайды. Олардың қатарында Арли Чонтей (55 келі), Анатолий Савельев (67 келі), Бектай Асылжан, Денис Уланов (89 келі), Еламан Сейітқазы (81 келі), Әлішер Сейітқазы (96 келі), Нұрғиса Әділетұлы (96 келі), Арай Нұрлыбекова (76 келі), Артем Антропов (102 келі), Айша Омарова (81 келі), Айым Есжанова (87 келі) мен Любовь Ковальчук (87 келі) бар.

Месси Марадонаның жетістігін қайталады

Лионель Месси әлем чемпионатында сегізінші голын соғып, аты аңызға айналған Диего Марадонаны қуып жетті. Аргентина құрамасы сапында Габриэль Батистута ғана (10) көп гол соқты.