Спорт

Бөлісу

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 13 қазақстандық бақ сынайды

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 13 қазақстандық бақ сынайды

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында 13 қазақстандық бақ сынайды

 Колумбия астанасы - Богота қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады.

Дүбірлі додада еліміздің атынан 13 ауыр атлет бақ сынайды. Олардың қатарында Арли Чонтей (55 келі), Анатолий Савельев (67 келі), Бектай Асылжан, Денис Уланов (89 келі), Еламан Сейітқазы (81 келі), Әлішер Сейітқазы (96 келі), Нұрғиса Әділетұлы (96 келі), Арай Нұрлыбекова (76 келі), Артем Антропов (102 келі), Айша Омарова (81 келі), Айым Есжанова (87 келі) мен Любовь Ковальчук (87 келі) бар.

Еске салсақ, биылғы жылдың қазан айында өткен Азия чемпионатында ел құрамасынан Айхада Мүптілда, Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай чемпион атанды. Ал Арли Чонтей мен Арай Нұрлыбекова күміс, Айша Омарова мен Артем Антропов қола жүлде алды.

Қаз Ақпарат

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через