2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының үшінші күні Португалия мен Гана құрамалары арасында өткен матчта Криштиану Роналду ерекше көзге түсті.
Португалия құрамасының көшбасшысы он бір метрден доп соғу мүмкіндігіне ие болды. Айып добын да өзі соғып, командасын алға шығарды. Есеп 1: 0.
Осылайша, Роналду тарихтағы бес әлем чемпионатында гол соққан алғашқы футболшы ретінде рекорд орнатты.
Айта кетсек, ағылшын "Манчестер Юнайтед" клубы 22 қарашада Роналдумен арадағы келісімшартты бұзды.
Роналду 2021 жылдың жазында итальяндық "Ювентустан" МЮ-ға ауысқан болатын. Бұған дейін де ол 2003 жылдан 2009 жылға дейін Манчестер Юнайтед сапында өнер көрсеткен.
Дереккөз Zakon.kz. Фото: eurosport.com.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через