Спорт

Бөлісу

Месси Марадонаның жетістігін қайталады

Месси Марадонаның жетістігін қайталады

       Лионель Месси әлем чемпионатында сегізінші голын соғып, аты аңызға айналған Диего Марадонаны қуып жетті. Аргентина құрамасы сапында Габриэль Батистута ғана (10) көп гол соқты.

       Сондай-ақ, Месси әлем чемпионатында айып алаңынан тыс жерден төртінші рет гол соқты, бұл көрсеткіш бойынша тек бразилиялық Ривелино (5 гол) алда тұр.

       Еске салайық, Месси 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының екінші турында Аргентина құрамасына Мексиканы жеңуге көмектескен болатын.

       30 қарашада Польша мен Аргентина, Сауд Арабиясы мен Мексика кездеседі.

       Ақпарат дереккөзі

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через