Португалия қорғаушысы Пепе әлем чемпионаттарының плей-офф кезеңінде гол соққан ең сақа ойыншы атанды.
Швейцариямен матчта капитан ретінде өз командасын бастап шыққан Пепе 33-минутта гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізді.
Португалиялық қорғаушының туғанына 39 жас 9 ай толған еді.
Осыған дейін футбол тарихында мұндай жасында ешкім әлем біріншілігінің плей-офф сатысында гол соқпаған.
Бұл кездесуде қосалқы құрамда қалған Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду командаласын қызу құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Twitter, static.sportbox.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через