Спорт

Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Айсамал Сансызбаева күміс жүлдегер атанды. Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Айсамал Сансызбаева 87 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 250 келіні еңсерді.

Едіге Егемберді ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстандық Едіге Егемберді ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпионы атанды. Мексикада өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Едіге Егемберді жеңіске жетті.