фото: opennews.kz
Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірім қыздар құрамасы әлем чемпионатына қатысады. Биыл ел құрамасы екінші дивизионның А тобында сынға түседі.
Ойындар 2024 жылдың 15-21 қаңтары аралығында Нидерландта өтеді. Былтыр қыздар В тобында бірінші орын иемденіп, А тобына жолдама алған еді.
Бүгінде қазақстандық хоккейшілер Өскеменде екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ал тамыз айында өткен алғашқы кезеңінде жалпы және арнайы физикалық дайындыққа назар аударылды.
Оқу-жаттығу жиыны барысында «Торпедо-2011» және «Торпедо-2010» командаларымен жолдастық кездесу өткізіледі.
Қорытынды дайындық кезеңі әлемдік біріншілігі қарсаңында, 4 қаңтарда басталады. Нақы құрама сол уақытта белгілі болады.
Үміткерлердің кеңейтілген тізімі жарияланды. Оған 28 хоккейші енгізілген. Олардың 3-і қақпашы болса, қалғаны өзге шепте ойнайтын хоккейшілер.
Үміткерлердің кеңейтілген тізімі:
Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо», Өскемен), Еркеназ Көпжасарова («Стрижи», Алматы), Арина Павловская («Ақтөбе-2009»/«Жұлдыз»)
Қорғаушылар: Медина Кишекеева («Ақтөбе-2008/«Жұлдыз»), Зере Тілеш, Вероника Халикова (барлығы – «Жұлдыз», Алматы), Ульяна Куклина, Нұрайым Серікқызы, Дарья Хохлова, Полина Яковлева (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Зейнаб Мелс («Бұлбұл», Астана)
Шабуылшылар: Карина Әмірова, Эвелина Емцева, Регина Какаулина, София Раковская, Шолпан Тоққожа, Анастасия Филимонова (барлығы – «Жұлдыз», Алматы), Алина Жакулина, Анна Климова, Рената Лившиц, Злата Филичкина («Юность-Грация», Қарағанды), Малика Жүнісова, София Зубкова, Кира Крухольская, Ветта Пивень, Айдана Рахатқызы, Златоцвета Феоктистова (барлығы – «Торпедо», Өскемен), Аиша Мелс («Томирис», Астана).
Дереккөз inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через