фото: metaratings.ru
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі үздік теннисші атануға үміткерлер қатарына кірді.
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) маусым соңында жыл сайын берілетін аталымдарға үміткерлер тізімін жариялады.
Аталымдар бойынша жыл үздіктерін халықаралық теннис БАҚ-тарының өкілдері анықтайды.
Жекелей сында жыл теннисшісі:
Ига Швентек (Польша);
Арина Соболенко (Беларусь);
Кори Гауфф (АҚШ);
Джессика Пегула (АҚШ);
Елена Рыбакина (Қазақстан);
Маркета Вондроушова (Чехия).
Жұптық сында жыл дуэті:
Кори Гауфф/Джессика Пегула (екеуі де – АҚШ);
Сторм Хантер (Аустралия)/Элисе Мертенс (Бельгия);
Барбора Крейчикова/Катержина Синякова (Чехия);
Габриэла Дабровски (Канада)/Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия);
Лаура Зигемунд (Германия)/Вера Звонарева (Ресей).
Сонымен қатар «Жыл серпілісі», «Жыл жаңалығы» аталымдары бойынша да үздіктер анықталады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через