фото: © Photo : КФФ
Қазақстан мен Словения "Стожице" стадионында шешуші ойын өткізді. Словения Еуро-2024 чемпионатының финалдық кезеңіне өтті.
Словенияның астанасында өткен матч Астана уақыт бойынша сағат 01:45-те басталды. Дегенмен қазақстандық футбол жанкүйерлері ұйықтамады. Словениядағы стадион да адамға лық толды. Себебі бұл – шешуші ойын.
Бірінші таймның соңғы минуттарында Словения шабуылдаушысы Шешко пенальтиден гол соғып, есеп ашты.
Дегенмен екінші тайм бастала сала Рамазан Оразов есеп теңестірді.
86-ші минутта Вербич гол соғып, Словения алға шықты.
Іріктеу кезеңінде екі команда да 9 ойын өткізді. Қазақстан ең бірінші ойынды наурыз айында Словенияға қарсы өткізген. Сол кезде қазақстандық футболшылар 1:2 есебімен жеңілді.
Сосын Сан-Марино (3:0, 3:1) мен Солтүстік Ирландияны (1:0, 1:0) екі рет ұтты. Ал Финляндия (0:1, 2:1) мен Дания (3:2, 1:3) бір рет жеңіп, бір рет ұтылды.
Словения да Сан-Марино (4:0, 2:0) мен Солтүстік Ирландияны (1:0, 4:2) екі рет жеңген. Финляндияны бірнеше ойында (3:0) ұтса, екіншісінде (0:2) есе жіберіп қойды. Данияға қарсы екі ойында да ұпайдан (1:1, 1:2) айырылды.
Бұл шешуші кездесуге дейін "Н" тобында Словения 19 ұпаймен екінші орында тұрды. Ал Қазақстанда 18 ұпай болды. Ережеге сәйкес, финалдық кезеңге әрбір топта екінші орында тұрған командалар шығады. Бірінші орында болған Дания өткен еді.
Алаң иелері кездесуге дейін тең есеппен де финалдық кезеңге шыға алатын еді. Себебі бір ұпайы басым болды. Ал Қазақстан құрамасына финалдық кезеңге алғаш рет шығу үшін тек жеңіс керек еді.
Жеңіліске қарамастан, Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасы арқылы Еуроға жолдама алу мүмкіндігі әлі де бар.
Еуро-2024 чемпионатының финалдық кезеңіне шыққан командалар: Словения, Австрия, Албания, Англия, Бельгия, Мажарстан, Германия, Дания, Испания, Нидерланд, Португалия, Румыния, Сербия, Словакия, Түркия, Франция, Швейцария мен Шотландия.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через