фото: ktk.kz
Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Айсамал Сансызбаева күміс жүлдегер атанды.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, Айсамал Сансызбаева 87 келіден жоғары салмақта өнер көрсетіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 250 келіні еңсерді.
Қазақстандық спортшы жұлқа көтеруден 107 келіні бағындырып, кіші күміс медальға ие болды. Ал серпе көтеруден 143 келі нәтижемен кіші алтын медаль алды.
Айтулы доданы Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 1 алтын, 1 күміс медальмен аяқтады.
Aikyn.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через