фото: https://www.istockphoto.com/portfolio/JanNevidal
Қазақстанда пойыздарда іске қосылған әйелдер вагоны қызметінің тиімділігі дәлелденді. Қызмет іске қосылғалы бері оны 822 мыңнан астам әйел жолаушы пайдаланған. Бұл теміржол көлігін таңдаған әйелдер үшін қауіпсіз әрі қолайлы ортаға сұраныстың жоғары екенін көрсетеді.
Әйелдерге арналған вагондар бүгінде еліміз бойынша 12 бағытта қатынайды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты — әйел жолаушыларға сапар барысында жайлы, тыныш және қауіпсіз жағдай жасау.
Аталған вагондарда билеттер тек әйелдерге сатылады, қызмет көрсететін жолсеріктер де әйел адамдар. Сонымен қатар, әйел жолаушылармен бірге 7 жасқа дейінгі ер балалардың бірге жүруіне рұқсат етілген.
Билеттерді вокзал кассаларынан немесе онлайн түрде сатып алуға болады. Бұл сервис әйелдердің теміржолды сенімді көлік ретінде таңдауына мүмкіндік беріп отыр.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через