Спорт

Қазақстанның джиу-джитсу шеберлері Хорватиядағы турнирде 4 медаль жеңіп алды

Қазақстанның джиу-джитсу шеберлері Самат Айтпанбет, Қазыбек Тәжібай және Шыңғыс Әбілқат AJP Tour Europe Youth – GI ашық еуропалық чемпионатта төрт медаль жеңіп алды. Байрақты бәсекеге Хорватияның Сплит қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен компанда қатысты. Қазақстан намысын Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы клубтың үш спортшысы қорғады.