Қазақстанның джиу-джитсу шеберлері Хорватиядағы турнирде 4 медаль жеңіп алды

Қазақстанның джиу-джитсу шеберлері Хорватиядағы турнирде 4 медаль жеңіп алды

     Қазақстанның джиу-джитсу шеберлері Самат Айтпанбет, Қазыбек Тәжібай және Шыңғыс Әбілқат AJP Tour Europe Youth – GI ашық еуропалық чемпионатта төрт медаль жеңіп алды. Байрақты бәсекеге Хорватияның Сплит қаласында өтті.

     Жарысқа әлемнің 20-дан астам елінен компанда қатысты. Қазақстан намысын Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы клубтың үш спортшысы қорғады.

     8 жасар Қазыбек Тәжібай бірінші орын алса, 12 жасар Шыңғыс Әбілқат пен 24 жастағы Самат Айтпанбет қола медаль иеленді.

     Сонымен қатар Самат испандық команда құрамында легионер ретінде жарыс жолына шығып, оларға әлемдік чемпионт жолдамасын алып берді.

     Жалпы, спортшыларымыз бір алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

     Олар қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтап, жеңісін елімізге арнады.

     Джиу-джитсу мен грэпплингтен әлем чемпионы, халықаралық санаттағы Қазақстанның спорт шебері Самат Айтпанбет Сағадат Нұрмағамбетов атындағы клубта жаттықтырушы болып жұмыс істейді.

     Ол Хорватия чемпионатында 56 келі салмақ санатында өнер көрсетуі тиіс болатын.

     Алайда бұл салмақта қарсыластың болмауына байланысты 62 келіге дейінгі салмақ санатында жарыс жолына шықты.

     «Жарыстың екінші күнінде командалық белдесулер өтті. Мен легионер ретінде испан командасы құрамында болдым. Екі кездесуде де қарсыластарыма ауырту әдісін қолданып, мерзімінен бұрын жеңіске жеттім. Командалық есеп нәтижесінде немістер жеңіске жетсе, екінші орын испандықтарға, ал үшінші орын хорваттарға бұйырды. Оның бәрі әлем чемпионатына жолдама алды», - деді Самат Айтпанбет.