Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Astana Open ATP 500 турнирінде ойнайды

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Astana Open ATP 500 турнирінде ойнайды

Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің үш дүркін чемпионы, ұлыбританиялық Энди Маррей Astana Open ATP 500 жарысында ойнайды.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Э.Маррей жарысты ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алды.

Э.Маррей – үш бірдей «Үлкен дулыға» додасында (Wimbledon – 2013, 2016, US Open-2012) үздік шығумен бірге теннис тарихында ерлер арасында жекелей сында екі мәрте Олимпиада чемпионы атанған жалғыз спортшы.

Осылайша, 1-9 қазан аралығында елордадағы «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығында өтетін айтулы додада Э.Маррейден басқа «Үлкен дулыға» турнирлерінің чемпиондары: Даниил Медведев (US Open-2021), Марин Чилич (US Open-2014) және Стэн Вавринка (Australian Open-2014, Roland Garros-2015, US Open-2016) бақ сынайды.

Дереккөз ҚазАқпарат.