Тоғыз жастағы оралдық футболшы испан клубына шақырылды

Тоғыз  жастағы  оралдық  футболшы  испан  клубына  шақырылды
фото: https://sputnik.kz

Тоғыз  жастағы  оралдық  футболшы  испан  клубына  шақырылды

Орал қаласының тұрғыны Назар Доля Испанияның "Леванте" кәсіби футбол клубының академиясында іріктеуден өтті.

9 жастағы футболшы бір жыл бойы әлемге әйгілі спортшылармен бір алаңда жаттығады.

Global Football Total Levante UD академиясының базасында өткен іріктеу кезінде мамандар Назардың өнеріп жоғары бағалады. Ол кезде оралдық футболшы 8 жаста болған.

"Талап бойынша жабық академияда бір апта бойы жатасың. Жанында әжесі де болған жоқ. Ол жақта адамдар басқа, жейтін тамағы да басқа, тамағы да біздікіне ұқсамайды. Ондайда балалардың көбісі күйзеліске түсіп, өздерін толыққанды көрсете алмай жатады. Ал академияда қалу үшін нақты нәтиже көрсету керек. Бірақ Назар іріктеуден сүрінбей өтті. Шаршағанын да, үйге барғысы келгенін де бір сәтке білдірген жоқ. Алаңға шыққанда бар өнерін көрсетті, ойнады, гол салды", — дейді жас фуболшының анасы.

Доля жарты жылдай испан мектебінде оқыған. Қазір осы елдің тілінде жақсы сөйлейді. Испанияға әжесімен бірге барған. "Леванте" ФК- кәсіби испан футбол клубы. 1909 жылы Валенсия қаласында құрылған.


Мәтіндегі ақпарат туралы