фото: yandex.kz
Соңғы жылдары әлеуметтік желіде "Wishlist“ ұғымы жиі айтылып жүр. Ағылшын тілінен аударғанда бұл – қалаған сыйлықтардың тізімі деген мағынаны білдіреді. Яғни, мереке қарсаңында арулар өзіне қажет дүниелерді жасырмай, ашық айтып, тізім жасап қояды.
Мамандардың айтуынша, бұл үрдіс бір жағынан ысыраптың алдын алудың тиімді жолы. Өйткені, қажетсіз сыйлық алғанша, адамның шын қажет дүниесін сыйлау – әлдеқайда орынды.
Биылғы 8 наурыз қарсаңында арулардың Wishlist-інде заттан гөрі әсер мен эмоция сыйлайтын дүниелер көп. Мәселен, СПА орталықтарға жолдама, фотосессия сертификаты, шағын саяхаттар, түрлі мастер-класстар жоғары сұранысқа ие. Сонымен қатар, сұлулыққа арналған заманауи гаджеттер, үйдің жайлылығын арттыратын бұйымдар мен білімге бағытталған курстар да трендте.
Қалай десек те, сыйлықтың ең қымбаты – оның бағасында емес, оның артындағы ықылас пен ілтипатта.
Комментарии
Чтобы оставить комментарий зарегистрируйтесь или войдите
Авторизация через